Жайна Шекербекова Странджа кубогын сәтті бастады

24.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Халықаралық турнирде отандасымыз болгариялық Тала Хаббаспен шеберлік байқасып, өзінің деңгейі жоғары екенін көрсетті. Нәтижесінде ол қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда А рингінде 51 келіде Жазира Орақбаева, Анита Адишева, 70 келіде Мәдина Нұршаева, Б рингінде 54 келіде Әнел Сақыш, Элина Базарова, 55 келіде Бағлан Кенжебек, Тимур Қабдешов шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі сессияда А рингінде 65 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин, Ертуған Зейнуллинов, 90 келіде Дәулет Төлемісов, Б рингінде 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, 90 келіде Нұрмагамед Юсупов ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады. 

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью