24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жайылым мәселесіне жүйелі көзқарас керек. Ауылдағы ағайынның жанақайын сенатор Сәкен Арубаев жеткізді.
Депутаттың дерегінше, бүгінгі таңда мемлекет меншігіне 14,3 млн гектар жер қайтарылған. Оның 12,7 млн гектары - жайылымдық алқаптар. Оның 8,5 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды. Атқарылған шаруаға қарамастан, бірқатар өңірлерде түйткіл толық шешімін таппаған. Мал өсіріп отырған ағайынды жайылым жайы алаңдатады. Саладағы жұмысты ширату керек деген жоғары палата өкілі депутаттық сауалын үкімет басшысына бағыттады. Алыс жайылымдық алқаптарды түгендеу және қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.
Сәкен Арубаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Маңғыстау облысында жайылым тапшылығы 2,3 млн гектарды, Түркістан облысында 531 мың гектардан астам, Алматы облысында - 758,8 мың гектарды, Қызылорда облысында - 403,2 мың гектарды, Қостанай облысында - 379 мың гектарды құрайды. Бұл ретте қайтарылған жайылымдық алқаптардың бір бөлігі елді мекендерден өте алыс орналасқан, су көздерімен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген немесе табиғи-климаттық жағдайларды ескергенде толыққанды пайдалануға жарамсыз.