Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында оның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде көпшілік назарына «Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде» сақталған құнды жәдігерлер ұсынылды. Үш мыңнан астам экспонаттың ішінен ең таңдаулылары іріктеліп, жұртшылыққа көрсетілді. Олардың қатарында Жетісудың дүлдүлі киген киімдер, тұтынған музыкалық аспаптар, сирек қолжазбалар мен тұрмыстық бұйымдар бар.
Көрмедегі ерекше назар аудартқан жәдігерлердің бірі – ақынның домбыралары. Бұл жөнінде Жамбыл Жабаевтың немересі, музей директоры Салтанат Жамбылова кеңінен әңгімеледі. Оның айтуынша, Жамбыл ата домбыраны өзіне серік етіп, оны қалам мен қағаздың орнын басқан рухани құрал ретінде бағалаған.
– Атамызды байтақ елге танытқан – оның айтыстары екені белгілі. Сара қызбен, Айкүміспен, Бөлекқызы Сайқалмен, Қадырқызы Бұрыммен, Шашубай, Құлмамбет, Досмағамбеттермен айтыстары оның ақындық шеберлігін шыңдап, суырыпсалмалық қабілетін арттыра түскен. Соның бәрінде жыр алыбына серік болған – қасиетті домбыра. Өзінің өмірлік серігі – домбыра жайлы Өтеген батыр жырында: «Сия сауыт, қаламсыз, ой қозғаған домбыра, Дәптер, кітап, қағазсыз сөз қозғаған домбыра», – деп жырлаған. Сондықтан біз көрмеге ақынның екі домбырасын қойдық. Жалпы, Жамбыл атамыздан бізге үш домбыра жеткен. Екеуі өз музейінде сақтаулы, ал үшіншісі Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы ұлттық аспаптар музейінде тұр, – дейді ол.
Мерекелік іс-шара көрмемен ғана шектелмей, әдеби-сазды кешке ұласты. Рухани басқосуда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Жамбыл Жабаевтың шығармаларын орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Іс-шара барысында дәстүрлі әнші Тілеулес Құрманғалиев те ой бөлісіп, жыр алыбының қазақ руханиятындағы айрықша орнын атап өтті.
– Жамбыл бүкіл исі қазаққа мәшһүр, бір ғасыр жасап, екі ғасырдың жырын жырлаған алып тұлға. Қазіргі заманда Жамбылдай көкірегі даңғыл, рухы биік адамдар сирек. Оның шәкірттері Әлімқұл, Әсімқан сынды аталарымыздан қалған мол мұра бар. Сол қазынаны халыққа кеңінен дәріптеу – 180 жылдық мерейтой аясында әлі де жалғасын таба береді, – дейді ол.
Осылайша, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тағылымды шара ұлттық өнер мен дәстүрдің сабақтастығын айшықтап, ұлы ақынға деген халық құрметін тағы бір мәрте дәлелдеді.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50
Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба
Жастар • Бүгін, 08:48
Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды
Футбол • Бүгін, 08:45
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Жастар • Бүгін, 08:43
Теңге • Бүгін, 08:40
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Digital • Бүгін, 08:38