Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда Burger King Kazakhstan фастфуд мейрамханалар желісіне қатысты жанжал өрши түсті. Алғашында дау аутизмге шалдыққан қызметкерге байланысты жағдайдан басталып, кейін басшылықт бағыныштыларға орынсыз сөздер мен әрекеттері жасайтыны белгілі болды. Жігіттің анасы Жанат Қаратай компания қызметкерлері әлі де хабарласып, қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда Burger King Kazakhstan фастфуд мейрамханалар желісіне қатысты жанжал өрши түсті. Алғашында дау аутизмге шалдыққан қызметкерге байланысты жағдайдан басталып, кейін басшылықт бағыныштыларға орынсыз сөздер мен әрекеттері жасайтыны белгілі болды. Жігіттің анасы Жанат Қаратай компания қызметкерлері әлі де хабарласып, қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайӘлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған.
"Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", - деп жазды әйел.
Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады.
"Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", - деп қосты әйел.
Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Burger King-тің ұстанымыКомпания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған.
"Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", - деп атап өтті олар.
Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген.
"6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек.
Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", - деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan.
Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan қызметкеріне қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлаған.
Жалғасы: қызметкерлерге қысым жасалып жатыр ма?Әлібектің анасы Жанат Қаратайдың айтуынша, дау шыққалы бері онымен Burger King Kazakhstan-да жұмыс істейтін қызметкерлер байланыса бастаған. Әйелдің сөзінше, олар компания ішінде қысым барын және оның өкілдері ұлы туралы жағымсыз пікір қалыптастырып жатқанын айтқан.
Tengrinews.kz Әлібектің анасымен сөйлесті. Оның айтуынша, компания қызметкерлерді Әлібек туралы "агрессив", қоғамға қауіпті" деген сөз таратуға үгіттеп жатқанын айтты.
"Қызметкерлерді қорқынышты нәрсеге мәжбүрлеп отыр. Ешкімге зияны жоқ, аутизмге шалдыққан қорғансыз жігітке жала жабуға көндіріп жатыр", - деді ол.
Әйелдің айтуынша, компания өкілдері WhatsApp арқылы ресми хабарлама жіберіп, мәселені реттеу үшін кездесуді ұсынған.
"Кездесуге дайынмын, бірақ тек бірінші басшымен сөйлесемін. Қазір ол іссапарда, сондықтан бұл мәселеге кейін қайта оралатын болып келістік", - деп түсіндірді ол.
Жанат Каратай жағдайға қатысты қайшы мәлімдемелерді түсінбей отырғанын айтты.
"Олар "Әлібек өтініш жазған жоқ" дейді. Бірақ біз олармен оның жұмысын жалғастырмайтыны жөнінде келіскенбіз. Маған берген бланкті үйде басып шығарып, ол толтырып қол қойды, мен сол құжатты тапсырдым", - деді анасы.
Жанат Каратай бұған дейін ұлының жұмысы жақсы жүріп жатыр деп ойлағанын, ал оның көңіл күйіндегі өзгерісті алғашында бұл жағдаймен байланыстырмағанын да айтты.
"Оған буллинг жасап, жұмыстан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін деп ойламадым. Ана ретінде маған өте ауыр болды", - деді ол.
Айта кетейік, материал жазылған сәтте Burger King Kazakhstan бұл оқиғаға қатысты жаңа мәлімдеме жасаған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться