Жалақы миллион теңге. Қытайдағы қойшы бос жұмыс орны үлкен қызығушылық тудырды

27.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қытайдағы шалғай жайылымға бақташы іздеген хабарландыру әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Weibo желісіндегі жазба 59 миллионнан астам қаралым жинап, 21 мыңнан аса пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды Tengri Life қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қытайдағы шалғай жайылымға бақташы іздеген хабарландыру әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Weibo желісіндегі жазба 59 миллионнан астам қаралым жинап, 21 мыңнан аса пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды Tengri Life қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қытайдың еңбек нарығында ерекше бос жұмыс орны көпшіліктің назарын аударды. Ішкі Моңғолиядағы фермер шалғайдағы ранчоға екі бақташы іздейтінін жариялаған. Жұмыс шарты оңай емес: жыл бойы демалыссыз еңбек ету, 40 градус аязға төзу және 300 шақырым радиуста көрші-қолаңсыз өмір сүру қажет. Соған қарамастан жұмыс беруші айына 16 мың юань, яғни шамамен 2200 доллар немесе 1,13 миллион теңге төлеуге дайын екенін айтқан.

Хабарландыру авторы жоғары жалақы ауыр жағдайдың өтемі екенін ашық жазған. Ал желі қолданушылары бұл ақшаны бірден "жалғыздық пен зерігу үшін төленетін ақы" деп атап кетті.

Жазба Weibo желісінде трендке шығып, қысқа уақытта 59 миллионнан астам қаралым жинады. Жұмыс берушінің өзі де мұндай қызығушылық күтпегенін айтқан. Бақташы болуға ауыл тұрғындарынан бөлек, Шанхай мен Чунциндегі кеңсе қызметкерлері, зауыт жұмысшылары, тіпті жоғары оқу орнын бітірген жастар да ниет білдірген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай Қытай жастарының мансап жолындағы қатал бәсекеден, таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін аптасына алты күн жұмыс істеу тәртібінен және ірі қалалардағы қысымнан шаршағанын көрсетеді.

"Қазіргі қала тұрғындары жан тыныштығын табу және бастапқы капитал жинау үшін ауыр физикалық еңбек пен оқшау өмірді таңдауға жиі дайын. Өйткені иен далада ақша жұмсайтын жер жоқ", – делінген жазбада.

Қытайда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де мыңдаған адам Чжэцзян провинциясындағы адам тұрмайтын аралға қарауыл болуға өтініш білдірген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Греция билігі Эгей теңізіндегі Антикифера аралына көшіп барғандарға 11,2 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын екені хабарланған. Жергілікті билік аралға қайта жан бітіру үшін арнайы бағдарлама іске қосқан. Қазір онда 24-ке жуық адам тұрақты тұрады. Жазда маусымдық жұмысшылар мен туристер келгенде тұрғындар саны 60-65 адамға дейін көбейеді. Ал 40 жыл бұрын аралда шамамен 300 адам тұрған. Кейін жастар жұмыс іздеп материкке көшіп кеткен.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью