Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстандықтар көбінесе жалақының кешіктірілуіне, ақшаның төленбеуіне және еңбек жағдайларының бұзылуына шағымданады. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар көбінесе жалақының кешіктірілуіне, ақшаның төленбеуіне және еңбек жағдайларының бұзылуына шағымданады. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, өтініштер күн сайын комитеттің орталық аппаратына да, өңірлік департаменттеріне де түседі.
"Шағымды біздің платформа арқылы беруге болады. Күн сайын орталық аппаратқа, біздің департаменттерімізге көптеген өтініш келіп түседі. Сондай-ақ қабылдауға жазылуға болады. Өңірлердегі департамент басшылары, мен және менің орынбасарларым азаматтарды тұрақты түрде қабылдап, оларды тыңдаймыз және мәселелерін шешуге көмектесеміз", - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен брифингте.
Ол еңбек инспекторлары өз өкілеттіктері шеңберінде тексерулер тағайындай алатынын, хаттар жолдап, нұсқамалар бере алатынын және басқа да шараларды қолдана алатынын айтты.
"Негізінен жалақы төленбегенде, уақытылы берілмегенде, жалақы бойынша кешігулер болғанда, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы төлемдері аударылмағанда және тағы басқа жағдайларда жүгінеді", - деп хабарлады Ахметов.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазақстандықтар еңбекті қорғау саласындағы заңбұзушылықтарға шағымданады.
"Мысалы, кәсіпорындарда жеке қорғаныс құралдары берілмегенде немесе нұсқаулық өткізілмегенде. Негізгі мәселелер - осылар. Біз оларды жұмысқа қабылдап, жауап береміз, тиісті шаралар қолданамыз, тексеруге шығамыз, нұсқамалар жазамыз, әкімшілік айыппұлдар саламыз. Кей жағдайда заңнаманы түсіндіреміз", - деп толықтырды Ахметов.
Тағы оқыңыз: 50 жаста зейнетке шығу. Қазақстанда төлемдерді ерте алу құралы қалай жұмыс істейді?
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1