Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының тұрғындары бастама көтеріп, елді мекенге қала емес, ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұрғындардың айтуынша, қазіргі қала мәртебесі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға және жас мамандарды тартуға кедергі келтіріп отыр.
1870 жылы Қарақамыс атауымен негізі қаланған Темір кезінде ірі сауда орталығы болған. Мұнда Ташкент, Бұхара, Уфа, Орынбор және Орск қалаларынан көпестер келген. Қаланың бай тарихынан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы тарихи ғимараттар әлі күнге дейін сақталған.
Солардың қатарында ескі мешіт, шіркеу және 1895 жылы салынған үй бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 1918 жылы бұл үйде қоғам және саяси қайраткер Мұстафа Шоқай қысқа уақыт тұрған.
Қазіргі таңда Темірде мектеп, екі балабақша және дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Дегенмен, тұрғындар жас мамандарды тарту қиындап бара жатқанын айтады.
«Жастар конкурстарға онша белсенді қатыспайды. Бізде қала мәртебесі болғандықтан өте аз адам жүгінеді. Себебі ауыл мен қала арасында жалақыда айырмашылық бар», деп түсіндірді мектеп директоры Сандуғаш Тасбауова.
Сондай-ақ ол қала мәртебесіне байланысты Темір тұрғындарының ауылдарға арналған кейбір мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай отырғанын атап өтті.
Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?
Еске сала кетейік, бұған дейін соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткенін жазған едік.
Соңғы жаңалықтар
«Жалақыда айырмашылық бар»: Темір қаласының тұрғындары ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр
Қоғам • Бүгін, 10:53
Тағайындалғанына үш ай ғана болған: СҚО-да аудан әкімі өзіне қол жұмсады
Қоғам • Бүгін, 10:50
Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады
Мереке • Бүгін, 10:42
«Музей түні»: Ұлттық орталық музейге бір түнде 17 мың адам барды
Мәдениет • Бүгін, 10:41
Аман қалудың амалы: Ауғанстандағы әкелер балаларын сатуға мәжбүр болып отыр
Әлем • Бүгін, 10:35
«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды
Жастар • Бүгін, 10:27
Өз әйелін аяусыз қағып өлтірген полицей қамауға алынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:21
Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды
Әлем • Бүгін, 10:18
Шетелден әкелінген қызанақ түркістандық шаруаларды шығынға батырды
Шаруашылық • Бүгін, 10:12
Алматы аспанында не ұшып жүр? Әкімдік түсініктеме берді
Технология • Бүгін, 10:10
«Біз берілмейміз»: Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:53
Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 09:50
Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті
Медицина • Бүгін, 09:44
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жотасына аттанды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Куба президенті АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады
Әлем • Бүгін, 09:33