Жалақыдан айырылады : депутаттарға мінберден туыстарын құттықтауға тыйым салынды

10.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттарына отырыстар кезінде жұмысқа қатысы жоқ сөздерді айтуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұрын мәжәлістің регламентінде ондай шектеу болмаған. Ал Құрылтайда регламентпен бекітіліп отыр.

"Жеке басқа қатысты ештеңе айтуға болмайды, тек өз өкілеттілігі аясында сөйлеуге рұқсат бар", - деді Имашева бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, Құрылтай отырыстарында ғана емес, оның жұмыс консултьтативтік органдарының жиналыстары кезінде де депутаттық өкілеттіліктерге қатысы жоқ мәселелерді қозғауға болмайды.

Қандай жаза қарастырылған

Құрылтай регламентін бұзған депутаттарға шара қолданылады. Олар:

ескерту;

кешірім сұрауға міндеттеу;

Құрылтайдың бір отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;

Құрылтайдың үш отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;

депутатты Құрылтайдың бір немесе екі отырысынан шығарып жіберу;

Ал ең ауыр жаза - бір күндік жалақыдан айыру.

Тағы қандай әрекет үшін жазалауы мүмкін

Тәртіп бұзу әрекеттерін депутаттық этика жөніндегі кеңес қарайды. Ол жерге арыз-шағымдар да жіберіледі.

Этиканы бұзатын әрекеттер:

әріптестердің ар-намысына тиетін сөздер айту;

сөз сөйлеу кезінде және БАҚ-та жалған ақпарат тарату;

баяндама жасайтындарға негізсіз ескерту жасау.

Депутаттық этика жөніндегі кеңес арыз-шағымды қарайды. Ал соңғы шешімді Құрылтай сессиясы қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью