Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ауылдық жерлердегі мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ауылдық жерлердегі мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нартай Сәрсенғалиев премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атына депутаттық сауал жолдады. Депутат өз үндеуінде ауылдар мен аудандардағы мәдениет үйлерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысына қатысты мәселе көтерді. Сәрсенғалиевтің пікірінше, "ұлттың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген" жандардың табысы көбіне тіпті қарапайым мұқтаждықтарын өтеуге де жетпейді.
"Көп мысалдың бірін келтірейін: мәдениет үйінде 20 жыл еңбек етіп, айына 200 мың теңге шамасында жалақы алатын адамның ащы реніші - орынды құбылыс. Көбі сыйақы мен үстемақыдан қағылған. Мұндай мысалдар мыңдап саналады. "Консерватория мен өнер академияларының түлектері неге ауыл-аймаққа барып жұмыс істемейді?" деген шешендік сұраққа айналған сауалдың жауабы осы жерде жатыр деп есептеймін", - деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, жас қазақстандықтар күнін әрең көріп жүрген алдыңғы буын өнер қайраткерлерінің жай-күйін көріп, шақырту болса да ауылға барып жұмыс істеуге келіспейді. Оған басты себеп - әлеуметтік пакеттің жоқтығы.
"Бүгінде кейбір ауылдық мәдениет үйлерінде бір адам бір мезетте ұйымдастырушы, режиссер, сценарист, жүргізуші және көркемдік жетекші қызметін атқарып жүр. Бұл өкінішті жағдай. Табысқа қатысты тағы бір мәселе: ауылдық мәдениет үйлерінің директорларына еңбек өтілі де, біліктілік санаты да есептелмейді. Соның салдарынан олар қатардағы қызметкерлерден де аз жалақы алады. Бұл да шешімін таппаған түйткіл", - деп толықтырды Нартай Сәрсенғалиев.
Ол мәдениет қызметкерлерінің жұмыс күндері халықпен бірге еңбек етіп, жұрт демалатын мереке күндері де жұмысын жалғастырып, көпшіліктің көңіл күйін көтеретінін атап өтті. Шығармашылық иелері бұл жұмыстан қашпайды, тек үздіксіз еңбегінің лайықты бағаланғанын қалайды. Өйткені мәдениет - ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі.
Депутат не ұсынды?"Сондықтан қиырдағы аймақтарда шығармашылық отын сөндірмей жүрген мәдениет кәсібилерінің жалақысын көтеру қажет (...) Халықты ұлы мұра төңірегіне біріктіретін салаға жаңа серпін керек. Мәдениет қайраткерлері өз мәселелерін мәдениетті тілмен жеткізуге тырысқанымен, келіп түскен арыз-шағымдардан олардың наразылығы анық байқалады. Мен ауылдағы жағдайды айттым, алайда қалалардағы мәдениет үйлері қызметкерлерінің де жалақысы өте төмен. Себебі оларға 25 пайыздық ауылдық үстемақы төленбейді. Бұған шалғай аудандардағы көптеген ауылдық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасының нашарлығын қосыңыз - жаңарудан гөрі тозу басым. Орталықтағы залдардың акустикасы шеттегі халықтың мұң-мұқтажын естіртпей қалмауға тиіс", - деді мәжілісмен.
Көтерілген мәселелерді түбегейлі шешу үшін депутат Сәрсенғалиев келесі шараларды ұсынды:
Ауылдық және аудандық мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізіп, материалдық-техникалық базасын жаңарту. Заңнамаға сәйкес мереке және демалыс күндері атқарылған жұмыс үшін қосымша ақы төлеуді қатаң бақылауға алу, сондай-ақ жұмыс уақыты мен жүктемесін нақты регламенттеу. Мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы, санаторлық-курорттық емделу және тұрғын үймен қамтуды қарастыратын әлеуметтік пакетке қол жеткізу үшін нақты критерийлерді (өтілі, белсенділігі, жетістіктері) енгізу. Мәдениет қызметкерлерінің қоғамды дамытудағы ерекше рөлін ескере отырып, олардың табысын жүйелі түрде арттыру тетігін қарастыру. Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ шетелдік жетекші мәдениет ұйымдарымен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться