“Жалдаушы ақы төлемейді және құлыптарды ауыстырып тастады“: адвокат кеңестері

06.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде пәтерді жалға алушының екінші ай бойы ақы төлемей, хабарламаларға жауап бермейтінін және ескертусіз құлыпты ауыстырып тастағанын айтты. Tengrinews.kz тілшісі мұндай жағдайда жылжымайтын мүлік иесі не істей алатынын анықтап көрді.

Жалға алушы пәтерақыны төлемесе не істеу керек?

Әлеуметтік желілерде Астанадағы пәтер иесінің жазбасы жарияланды. Оның айтуынша, жалға алушы төлем жасауды тоқтатқан, байланысқа шықпайды және иесінің өз үйіне кіруін шектеген.

"Жалға алушы пәтерақыны екінші ай бойы төлемей жүр. Байланысқа шықпайды, хабарламаларды елемейді. Пәтер құлпын ескертусіз ауыстырып тастады. Жалдау мерзімі төрт аптадан кейін аяқталады. Не істеу керек?" – деп жазды басылым авторы.

Пікір қалдырушылар түрлі нұсқаны ұсынды: бірі полицияға жүгінуге кеңес берсе, енді бірі болған жағдайды тіркеп, заңгерден кеңес алуды, ал басқалары мәселені жалға алушымен бейбіт жолмен шешіп көруді ұсынды.

Меншік иесі не істей алады?

Адвокат Абзал Қасымжанов меншік құқығы иесіне жалға алушыны күштеп шығаруға мүмкіндік бермейтінін түсіндірді.

Алдымен меншік иесі қарызды төлеу және пәтерді босату туралы жазбаша талап жіберуі керек. Содан кейін ол шартты бұзып, сотқа шығару, берешекті, өсімпұлды және шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгіне алады.

"Пәтер сіздікі болса да, бұл тұрғындарды заңды бұза отырып, өз бетіңізше шығаруға құқық бермейді. Мәселені күшпен шешу көбіне иесінің өзіне қарсы сот дауымен аяқталады. Егер тұрғын шығудан бас тартса, шығару тек сот шешімі негізінде жүзеге асырылады және оны сот орындаушысы іске асырады. Заң бойынша өз бетінше мәжбүрлеп шығаруға жол берілмейді", – деп түсіндірді адвокат.

Иесіне құлыпты ауыстыруға немесе электр жарығын өшіруге бола ма?

Абзал Қасымжанов пәтер иесіне мыналарға тыйым салынатынын атап өтті:

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстандық құтқарушылар арнайы жарақталған Land Cruiser мінеді: ол туралы не белгілі?

Бүгін 08:10 1

Тілдер қалай жойылып кетеді және қазақ тілі алдында қандай сын-қатерлер бар?

03 тамыз 14:15 1

тұрып жатқандардың келісімінсіз пәтерге кіруге; күш қолдануға немесе қорқытуға; жалға алушының мүлкін сыртқа шығаруға; қысым көрсету мақсатында коммуналдық қызметтерді өшіруге.

"Мұндай әрекеттер өз бетінше билік ету деп танылып, азаматтық, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Егер иесі ішінде жалға алушының заттары бар кезде құлыпты ауыстырып тастаса, соңғысы полицияға немесе сотқа кіру құқығын қалпына келтіру және келтірілген шығынды өндіру талабымен жүгінуге құқылы", – деді Қасымжанов.

Адвокат жалға алушының тіркеуде болуы оған пәтерге қатысты мүліктік құқық бермейтінін және шарт тоқтатылғаннан кейін оны шығаруға кедергі болмайтынын айтты.

Кәмелетке толамаған балалардың болуы да біреудің баспанасын тегін және мерзімсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді.

"Кәмелетке толмаған балалардың болуы меншік иесін өзіне тиесілі тұрғын үйді босатуды талап ету құқығынан айырмайды. Сот баланың мүддесін ескереді, алайда балалардың болуы жалдау шартын мерзімсізге айналдырмайды және біреудің пәтерін тегін пайдалануға құқық бермейді. Басқаша айтқанда, заңды негіздер болған жағдайда кәмелетке толмаған балалар үйден шығаруға кедергі емес", – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат жылыту маусымында әлеуметтік осал топтағы кейбір азаматтарды үйден шығаруға тыйым салу борышкердің жалғыз баспанасынан өндіріп алу жағдайларына ғана қатысты екенін нақтылады. Оның айтуынша, жеке тұрғын үйді жалдау қатынастарына бұл норма қолданылмайды.

Қандай дәлелдеме жинау керек?

Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанысова жалдауға қатысты барлық құжатты сақтап қоюға кеңес берді:

шарт; хат-хабарлар; чектер мен банктік аударымдар; пәтерді тапсыру фактісін растайтын суреттер мен видеолар; қарыздың бар екенін дәлелдейтін айғақтар; құлыптың ауыстырылғаны туралы мәліметтер. Полицияға жүгіну керек пе?

Сауда министрлігі егер жалға алушы құлыпты өз бетінше ауыстырып, пәтерге кіргізбей қойса, меншік иесі ішкі істер органдарына жүгіне алатынын түсіндірді.

Өтініште жағдайды егжей-тегжейлі сипаттап, мекенжайды, қарыз көлемін, құлыптың ауыстырылу фактісін және ықтимал шығынды көрсету қажет.

"Тексеріс нәтижесі бойынша полиция қызметкерлері өз құзыреті шегінде баяндалған мән-жайларға құқықтық баға береді. Сонымен қатар жалдау ақысы бойынша берешекті өндіру, келтірілген зиянды өтеу және қажет болған жағдайда жалға алушыны сот тәртібімен шығару туралы талаптарды дайындау үшін заңгерлік көмекке жүгіну ұсынылады", – деді Жұбанысова.

Алдын ала қалай қорғануға болады?

Адвокат Абзал Қасымжанов пәтерді ауызша келісім бойынша емес, міндетті түрде жазбаша жалдау шартын жасау арқылы өткізуге кеңес береді.

Шартта төлем мерзімін, келісімшартты бұзу негіздерін, тараптардың жауапкершілігі мен депозит көлемін көрсету қажет. Сонымен қатар қабылдау-тапсыру актісін толтырып, пәтер мен мүлікті суретке түсіріп алу, хат алмасуды сақтау және олқылықтарды бірден тіркеу керек.

"Тәжірибе көрсеткендей, сауатты жасалған шарт пен дұрыс рәсімделген құжаттар меншік иесінің құқығын әлдеқайда жылдам қорғауға және қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді Қасымжанов.

Осылайша, адвокаттың айтуынша, егер жалға алушы баспананы өз еркімен босатудан бас тартса, оны тек сот арқылы және сот орындаушысының қатысуымен шығаруға болады. Бұл ретте ол алдымен жағдайды бейбіт жолмен шешіп көруді ұсынады - көбіне келіссөз ұзаққа созылатын сот талқылауының алдын алуға көмектеседі.

Тағы оқыңыз: Пәтер жалдаушыны сот шешімінсіз шығару мүмкін бе? Жалға беру шартында нені көрсету керек?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью