24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Фейкке қарсы ынтымақтастық. Сингапур, Түркия, Қытай және Жапония телерадиокомпаниялары жалған ақпарат пен фейк бейнематериалдарды анықтау үшін ортақ механизм әзірлеп жатыр.
Бұл туралы одақтың Куала-Лумпурда өткен салалық семинарда жарияланды. Бастама Азия-Тынық мұхитының хабар тарату одағымен бірлесіп дайындалуда. Тәжірибені одаққа мүше барлық елде, оның ішінде Қазақстанда да қолдана алады. Жүйе цифрлық құралдар мен жасанды интеллект детекторларын қамтиды. Ол бейнематериалдың шынайылығын растауға, ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы салыстыруға және дыбыс пен бейненің сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар жасанды интеллект көмегімен жасалатын контенттің көбеюіне байланысты халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл қажет екенін айтады.
Индра Сингх, Азия-Тынық мұхитының хабар тарату одағы жаңалықтар департаментінің директоры:
- Қазіргі таңда нақты әрі тексерілген ақпаратты тарату аса маңызды. Осы мақсатта фактчекинг жүргізуге мүмкіндік беретін қолжетімді құралдарды ұсынуды көздеп отырмыз. Өйткені қымбат технологияларды барлық БАҚ өкілдері бірдей пайдалана алмайды. Сондықтан ірі компаниялармен бірлесіп, тиімді цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектке негізделген анықтау құралдарын бір жүйеге біріктіріп жатырмыз. Механизмді алдағы үш айда сынақ түрінде іске қоспақпыз.