Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: ІІМ
Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесіп жатыр. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды.
«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды
Сақ болыңыздар!
ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер; ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеңіздер; күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыздар.«Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер», делінген министрлік хабарламасында.
Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды