Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әлемге танымал брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді.
Алматы қаласы Полиция департаментімен (Киберполиция) бірлесіп жүргізілген тексеру барысында «Nesquik» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану арқылы өнімдер өткізілген. Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 2000-нан астам заңсыз өнім тәркіленді.
Фото: Әділет министрлігіСондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментімен жоспардан тыс тексеру шеңберінде «Louis Vuitton» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері анықталды.
Фото: Әділет министрлігі— Өнімдердің сапасының төмен екені және заңнама талаптарын бұза отырып сатылғаны белгілі болды. Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды, — делінген хабарламада.
Әділет органдары жүргізіп отырған жұмыс адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға және контрафактілік әрі әлеуетті қауіпті өнімдердің айналымының алдын алуға бағытталған.
Осыған дейін Apple — әлемдегі ең қымбат бренд атанғанын жаздық.