Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлеуметтік желілерде «әскерден босату» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім ел заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: gov.kz
Министрлік мәліметінше, әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылар үшін де қылмыстық жауапкершілікпен жазаланады.
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
«Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) тетігі қолданылады. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификаттар мерзімді әскери қызмет өткерген 9 мыңнан астам қазақстандыққа берілді», делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство азаматтарды осы мәселелерді ескеріп, алаяқтық жүйенің құрбаны болмауға үндеп отыр.
Айта кетейік, 18-ден 27 жасқа дейінгі, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар әскерге шақырылады. Шақыру жылына екі рет, наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі
Соңғы жаңалықтар
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматы • Бүгін, 15:25
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
Ата заң • Бүгін, 14:44
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі
Қоғам • Бүгін, 14:10
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Алматыда 620 млн теңгеден астам шығын келтірген заңсыз инвестициялық жоба әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20