Жалғыз ұрпақ . Әрбір төртінші зумер адамнан гөрі жасанды интеллектпен сөйлескенді жөн көреді

08.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеу Z ұрпақ (18 бен 29 жас аралығындағы жастар) арасындағы қызықты үрдісті анықтады. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі шынайы адамдармен сөйлескеннен көрі жасанды интеллектпен тілдескенді жөн көретінін мойындаған. Сонымен қатар жастардың үштен екісі кешкі жоспарларынан бас тартып, уақытын желіде өткізу үшін үйде қалуға дайын екенін айтады, деп жазады Tengri Life.

Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеу Z ұрпақ (18 бен 29 жас аралығындағы жастар) арасындағы қызықты үрдісті анықтады. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі шынайы адамдармен сөйлескеннен көрі жасанды интеллектпен тілдескенді жөн көретінін мойындаған. Сонымен қатар жастардың үштен екісі кешкі жоспарларынан бас тартып, уақытын желіде өткізу үшін үйде қалуға дайын екенін айтады, деп жазады Tengri Life.

Неге зумерлер ЖИ-мен тілдесуді таңдайды?

The Independent басылымының мәліметінше, Marmalade Trust ұйымы 2000 адам арасында жүргізген сауалнама жалғыздықтың қазіргі жастар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетті. Респонденттердің үштен екісі жалғыздықты аптасына кемінде бір рет, ал әрбір төртіншісі күніне бірнеше рет сезінеді. Бұл ретте қатысушылардың 44 пайызы бүгінде өздерін бір жыл бұрынғыдан да жалғыз сезінетіндерін атап өткен. Жастардың жартысына жуығы (48 пайызы) бұл күйді әлеуметтік желілердің әсерімен тікелей байланыстырады.

Көптеген адам үшін жасанды интеллект достары мен жақындарын алмастыратын ыңғайлы құралға айналды, өйткені ол ешкімді айыптамайды, әрқашан тыңдауға дайын. Дегенмен, сарапшылар мен жастардың өздері де бұның астарында жасырын қауіп барын байқай бастады.

22 жастағы мемлекеттік қызметші журналистерге берген сұхбатында нейрожелілерге деген қызығушылығы өмірінің қиын кезеңінде, таныстарын өз мәселелерімен мазалағысы келмеген кезде басталғанын айтып берді.

"Бәрі бір реттік кеңестен басталып, кейін әдетке айналды. Мен кез келген жағдаятты ChatGPT-ге сипаттап, дұрыс істедім бе, жоқ па, соны тексеріп отыратынмын. Өзгелердің не ойлайтынына үнемі алаңдайтын адам ретінде, ЖИ-мен сөйлескенде өзімді қалыпты сезіндім. Бұрын достарыммен немесе туыстарыммен кездесуден кейін сезімдерімді ChatGPT-мен талқылау және эмоцияларымның қаншалықты дұрыс екенін түсіну үшін үйге асығатынмын", - дейді ол.

Кейін қыз мұндай "достықтың" кері тұстарын түсінген.

"Біраз уақыттан кейін ChatGPT сенің қателеріңді ешқашан бетіңе баспайтынын ұқтым. Ол бастан-аяқ бізге жағымды эмоциялар сыйлауға және бәрімен келісуге бағдарланған", - деп атап өтті ол.

Экран алдындағы уақыт құны

Зумерлер арасындағы жалғыздық - бұл көңіл-күйдің түсуі ғана емес, өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін фактор. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы оқшаулану ментальды денсаулыққа соққы болып тиетінін айтса, 42 пайызы өзіне деген сенімділік төмендеп, өзін-өзі бағалау нашарлағанына шағымданған.

Әрбір үшінші респондент жалғыздықты физикалық белгілермен - ұйқының бұзылуымен және тамақтану рационының нашарлауымен байланыстырады. Сонымен қатар жастардың 18 пайызы бұл жағдай оқуына кедергі келтіретінін айтса, 16 пайызы әлеуметтік оқшаулану олардың мансаптық болашағына зиян тигізетініне сенімді.

Королева Мария университеті заң факультетінің 19 жастағы студенті мәселенің төркіні әлеуметтік желі мәдениетінде жатыр деп есептейді.

"Меніңше, зумерлер өздерін жалғыз сезінеді, өйткені үйде экран алдында отырып, олар жалған бейне қалыптастырады. Содан кейін айыпталудан қорқып, сол бейнені шынайы өмірде ұстап тұра алмаймыз ба деп қауіптенеді. Оқудағы және жеке өмірдегі қысымға тап болған жастар ЖИ-ді өздерін айыптамайтын және шынайы бола алатын жалғыз орын ретінде көреді. Бірақ олар ЖИ-дің шынайы өмірде қолдауы жоқ адамдар үшін жай ғана "қолдау көрсетуші тұлға" ретінде бағдарламаланғанын түсінбейді", - дейді ол.

Ол сыртқа шығудан бас тартып, үйдегі онлайн өмірді таңдау - әлеуметтік желілердегі шынайы емес стандарттардың тұтас бір ұрпақтың мінез-құлқы мен ментальды денсаулығын қалай бұзатынының тікелей дәлелі екенін қосты.

Тепе-теңдік іздеу

Marmalade Trust негізін қалаушы және бас директоры Эми Перрин технологиялардың қазіргі жастар өмірінде екіұдай рөл атқаратынын атап өтті.

"Бұл нәтижелер жастардың жалғыздық немесе оқшаулану сезімімен күресу тәсілдеріндегі өсіп келе жатқан өзгерістерді айқындайды және мұнда технологиялар барған сайын маңызды рөл атқарады. Кейбіреулер үшін бұл жағымсыз эмоцияларды ушықтырса, басқалары онлайн-қауымдастықтардан шынайы байланыс табады. Өзіңді жалғыз сезіну - бұл табиғи нәрсе, бұған ұялудың қажеті жоқ. Дегенмен, Z ұрпағы арасындағы күнделікті жалғыздықтың мұндай жоғары көрсеткіштері алаңдаушылық туғызады. Мәселенің әмбебап шешімі жоқ, бірақ бұл туралы жиі айтатын болсақ, әрқайсымызға қолайлы жолды таба аламыз", - деп бөлісті ол.

Осындай зерттеулер аясында Ұлыбританияда 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Премьер-министр Кир Стармер таяу апталарда "ойын ережесін түбегейлі өзгертетін" шешімдерді жариялайтынын мәлімдеді, ал заңнамалық өзгерістерді биылғы жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Миллениалдарды зумерлерден ерекшелейтін қарапайым дағды аталды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью