Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция белсенділері өңірлерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру шараларын қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласынан бастау алған жұмыс, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте жалғасын тапты. Белсенділер белгіленген орындарда үгіт-насихат плакаттарын ілумен қатар, ақпараттық-түсіндірме парақшаларын азаматтарға таратуда.
Сондай-ақ Халықтық штаб мүшелері мен белсенділер еліміз бойынша ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жалпыұлттық коалиция штабының мүшесі, «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов науқанға еліміздің барлық өңірлерінен жастар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.
«Коалиция жұмысы басталысымен 3 республикалық маңызы бар қала мен 17 облыста құрылған штабтар жанындағы белсенділер жүйелі іске кірісті. Бүгінде жастар офлайн форматта ақпараттық материалдарды таратып, азаматтарға Жаңа Конституцияның мазмұны мен 15 наурызда өтетін референдумның маңызын түсіндіруде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы да кең аудиторияны қамтып, онлайн кеңістікте белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсатымыз - қоғамға алдағы саяси науқанның мәні мен маңызын жан-жақты жеткізу», деді ол.
Штаб өкілдерінің мәліметінше, ақпараттық шаралар облыс және қала орталықтарымен қатар, аудан мен ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Алдағы уақытта «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен жеке форматта жүздесу жоспарланған. Бұл бастама аясында азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беріліп, қосымша түсіндірме материалдары ұсынылады.
Бұдан бөлек, Халықтық штаб мүшелері республика көлемінде кездесулер ұйымдастырып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіруде. Тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында кездесулер өткізіліп, азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, ұсыныстары ескеріліп жатыр.
Айта кету керек, жетекші қоғамдық-саяси күштер «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында бірікті. Оның құрамына саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент пен мәслихат депутаттары, ғылыми-сарапшылық қауым өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдары енген.
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Қазіргі уақытта коалиция мүшелері аймақтардағы түсіндіру іс-шараларын жалғастырып жатыр. Референдум қарсаңында еңбек ұжымдарымен, сарапшылармен және тұрғындармен кездесулер өткізу арқылы ашық диалог алаңдарын кеңейту көзделіп отыр. Негізгі басымдық – азаматтардың саналы әрі жауапты түрде шешім қабылдауына жағдай жасау.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30