Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Әлеуметтік желіде диплом табыстау рәсімі кезінде дипломын жыртып тастаған колледж түлегі Дәулет Абдрахман көпшіліктен ресми түрде кешірім сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол қоғамда қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.
Түлек өз мәлімдемесінде колледж ұжымынан, оқытушылардан, Білім басқармасынан және барша жұртшылықтан кешірім сұрап, бұл әрекетімен оқу орнына немесе оның құндылықтарына құрметсіздік танытуды мақсат етпегенін айтты.
Дәулеттің сөзінше, бейнежазбада жыртылған құжат – дипломның түпнұсқасы емес, алдын ала арнайы дайындалған көшірме болған.
– Ресми дипломға ешқандай зиян келтірілген жоқ. Менің әрекетімде жаман ниет болған жоқ. Болған жағдайға шын жүректен өкінемін және мұндай оқиғаның енді қайталанбайтынына уәде беремін, – деді Дәулет Абдрахман.