Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Анықталғандай қатты желдің салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігіШамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген.
Зардап шеккендер жоқ.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігіКоммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.
Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі— Зерделеу жалғасып жатыр. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі, — делінген Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында.
Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстары тапсырылды. Жұмыс бүгіннен басталады.
Фото:Жамбыл облысы әкімдігі
Айта кетелік Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкеткен еді.