Жамбыл облысында 1200 ден аса экологиялық шара өтті

29.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жамбыл облысында жыл басынан бері экологияны қорғау бағытында 1200-ден аса шара өтті.

Оған 32 мыңға жуық белсенді жас қатысты. Волонтерлер тазалық акциялары мен танымдық кездесулер, экология тақырыбына арналған челлендж-байқаулар ұйымдастырды. Солардың бірі Тараздағы колледжде өтті. Жиында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі қозғалды. Жалпы биыл өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде тарихи-мәдени орындар мен қала, ауыл аумағынан 12 мың  тонна қоқыс шығарылды.

Айбек Қадірәлиев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- «Тазалық өз аулаңнан басталады», «Тазалықты өзімізден бастайық» атты жастардың тарапынан биылға үлкен жобалар кең көлемде аталып өтті. Оған барлық Жамбыл жастары өздерінің үлестерін қосты. Сондай-ақ маусымдық жұмыстармен де осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар жұмыспен қамтылды. Әрбір жастардың санасына экологиялық мәдениетті қалыптастыру және түсіндіру үлкен міндеттеріміздің бірі.

 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью