Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданы облыстық маңызы бар «Б. Момышұлы — Көлтоған» тас жолының 38-шақырымында қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсету мақсатында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Фото: ТЖМ— ТЖМ күштері қар құрсауынан 4 автокөлікті шығарып, көлік ішнде болған 8 адамға, оның ішінде 1 балаға көмек көрсетілді. Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер қозғалыстарын жалғастырды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін облыс әкімдігі тұрғындарға үндеу жолдап, аса қажет болмаған жағдайда алыс жолға шықпай, мүмкіндігінше үйде болуды ескерткен еді.
— Облыс аумағында ауа райы күрт нашарлап, табиғат тосын мінез танытып тұр. Ақпан — ақ боранның өз күшіне енетін айы екенін ескерсек, бұл қалыпты құбылыс. Осыған байланысты баршаңызды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Аса қажет болмаған жағдайда алыс жолға шықпай, мүмкіндігінше үйде болуды сұраймыз. Әсіресе, түнгі уақытта және ауа райы қолайсыз кезеңдерде жолға шығу қауіпті екенін естен шығармаңыздар, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Жамбыл облысының Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.