Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тәуліктік су реттегіштің сыйымдылығы 60 мың текше метр және 2000 гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді. Тазалау жұмыстарына 3 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 3 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды.
«Ақсай» каналы 75 шаруа қожалығының егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз етеді. Негізінен мұнда картоп, көпжылдық шөптер, көкөніс және дәнді дақылдар өсіріледі.
- Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі облыстық филиалға 75 арнайы техника бөлді. Соның үшеуі Жуалы ауданына бөлінді. Енді оларды осы су реттегішті тазалауға пайдаланып жатырмыз. Жаңа техниканың арқасында жұмыс жақсы жүріп жатыр. Соңғы жылдары су реттегіштің сыйымдылығы азайып, шаруаларға су бір қалыпты жеткізілмеген еді. Енді жобалық көлемі қалпына келтірілген соң, су беру тұрақтанады, – деді Ақсай өндірістік бөлімшесінің басшысы Дәулетбай Нұрабаев.
Осыған дейін Атырау облысында өр суын жинайтын қойма салынатыны туралы жаздық.