Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Тараған мәліметке сәйкес, оқиға Қордай аудандық полиция бөлімінің казарма дәлізінде болған.
Осы жағдайға байланысты Zakon.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме алды.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе оған жәрдемдесу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру тағайындалған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін Қазнетте Түркістанда құқық бұзушыларды ұстау сәті бейнеленген видео қызу талқыланғаны хабарланған болатын. Видеода бір сәтте полиция қызметкері секіріп барып мопед жүргізушісін құлатып, ал екінші күдікті оқиға орнынан қашуға әрекеттенгені көрінеді.