Жамбыл облысында әскери қызметші көз жұмды

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу барысында мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алды. Ол алған жарақаттан көз жұмды. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Фото: gov.kz

«Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында», делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, оқиғаға дейінгі мән-жайларды объективті әрі жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы іссапармен жіберілді.

Осы топқа ел аумағындағы тиісті әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізу міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, қызмет өткеру қауіпсіздігі мәселелері жуық арада Бас прокуратураның арнайы алқа отырысында қаралатын болады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 23 қаңтарда Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью