Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкері алған жарақатынан көз жұмды. Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Адам өлімі туралы хабарламалар 16 наурыз күні таңертең пайда болды. Алайда, мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға 15 наурызда болған. Атап айтқанда, әскери бөлімдегі қарауыл бекеттерінің бірінде ведомстволық күзетші карабиннен оқ атқандығы хабарланды.
Оқтың салдарынан қарауыл бастығы жараланған. Зардап шегуші ауыр халде әскери госпитальға жеткізілгенімен, қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады.
«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп нақтылады ІІМ Әскери-тергеу департаменті.