Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бақылау іс-шаралары барысында жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне, сондай-ақ автокәсіпорындардың лауазымды тұлғалары тарапынан заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда.
Тексеру нәтижесінде техникалық ақауы бар көлік құралдарын желіге шығарғаны үшін 25 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Автобустардың техникалық жағдайы жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Себебі жол үстіндегі кез келген ақау апатқа және ауыр салдарға әкелуі мүмкін.