Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында дәрі-дәрмектер екі есе қымбат бағада сатылып жатыр. Мұны облыстық қоғамдық кеңес мүшелері дәрі бағасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Денсаулық сақтау министрлігі 2 900 дәріге шекті баға қойған. Бірақ оны дәріханалар елемей, препараттарды орташа есеппен 35 пайызға қымбат сатқан.
Жалпы Жамбыл облысында 440 дәріхана бар, оның 227-сі Тараз қаласында, қалғаны 168-і 8 ауданда орналасқан.
"Мысалы 2 мыңның дәрісін 2 жарым мың теңгеге аласыз ғой. Орташа алғанда дәрі бағасы 25-30 процент көтерілген. Дәріханаға кіріп, дәріні бақылау жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Тек қана қоғамдық кеңес жұмыс істемеу керек, уәкілетті органдар бақылауы тиіс", – деді Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Есембек Ошақбаев.
Дәрілер бағасы облыс және аудан орталықтарындағы шеткері аудандарда тым жоғары. Бұл факт фармацевтикалық тауарларды бақылау депертаментіне жолданбақ. Ал ережені елемегендерге 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.