Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
2025 жылдың қарашасында сотталушы Б. өз атына несие рәсімдей алмай, белгісіз адамнан қайын енесінің хабардар екеніне сендіріп, енесінің атына (жәбірленушіге) несие рәсімдеуді сұраған. Сотталушы қайын енесінің телефонын алып, растау кодын хабарлап, алдап енесінің бет-әлпетін онлайн тексеруден өткен.
Осылайша, Б. 1,5 млн теңге көлемінде несие ресімдеп, оның 1,1 млн теңгесі жәбірленушінің шотына түскен. Сотталушы осы соманы өз шотына аударып, оларды өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушінің өзі несие туралы ай сайынғы төлем пайда болғаннан кейін ғана білген.
Б.-ның кінәсі тараптардың айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Прокурор 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жәбірленуші азаматтық талап қоюды қанағаттандыруды және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
— Сот кінәні мойындауын, жасаған ісіне өкінуін және жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен сотталушы ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушінің 1,5 млн теңге сомасына материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талап қоюы толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген Жуалы аудандық соты таратқан ақпаратта.
Осыған дейін түркістандық әйел өз үйінен 8,5 млн теңгенің алтынын қолды еткенін жазған едік.