Жамбыл облысында ENVIDA AI қаржы пирамидасы тергеліп жатыр

22.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында "ENVIDA AI" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы "Еnvida ai ежедневный пассивный доход" және "Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход" атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.

Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшылардан түскен.

"Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған. Қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған", - деп жазылған хабарламада.

Қаржы пирамидасы республиканың алты өңірі: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласында жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью