Жамбыл облысында із түзсіз кеткен қойшы құтқарылды

26.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жас жігіт Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайлауына мал жаюға шығып, үйіне оралмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі пайдаланылды.

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист аман-есен табылды

Заманауи технологиялардың көмегімен елді мекендерден шалғай аумақта тұрақты байланыс қамтамасыз етіліп, іздеу топтарының жұмысы тиімді үйлестірілді. Таңертең іздеу тобы жігітті Көкбастау жайлауынан шамамен 15 шақырым жерден тапты. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью