Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Depositphotos.сom
Полиция айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, отшашу атқан 18 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Ол елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сондай-ақ жол ережесін бұзуға жол берген автокөлік жүргізушілері де жазаланды», делінген хабарламада.
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Полиция қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, түнгі тыныштықты бұзу және жол қозғалысы ережелерін әдейі елемеу – ойын-сауық емес, заң бұзушылық екенін, кінәлілер міндетті түрде заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте кортеж ұйымдастырған 12 жүргізуші жазаға тартылған болатын.