Жамбыл облысында көлік және жүк қашықтан тексеріледі

21.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жамбыл облысындағы өткізу бекеттерінде мобильді инспекциялық-тексеру кешендері іске қосылды. Құрылғы көлік құралдары мен жүкті қашықтан, яғни көліктерді тоқтатпай-ақ тексереді. 

Жаңа жүйеге рентгенографиялық деректерді талдау технологиялары енгізілген. Оның көмегімен есірткі, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен басқа да тыйым салынған бұйымдарды анықтауға болады. Соның арқасында көліктер шекарада уақыт жоғалтпайды. Бұрын бір жүк көлігін шамамен жарты сағат тоқтатуға тура келсе, мобильді кешеннің көмегімен сағатына 25 көлікті тексеруге мүмкіндік бар. «Тың технология елдің транзиттік әлеуетінің нығаюына ықпал етеді», - дейді шекара қызметінің мамандары. 

Ғани Ағаділов, ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Шекаралық бақылау деңгейін жоғарылату мақсатында біздің қолданысқа жаңа мобилді инспекциялық кешендер алынды. Кешендер көлік пен жүкті дистанциялық тексеруге мүмкіндік беріп, өткізу пунктерінің қабілетін едәуір арттырады. Рентгенография, деректерді талдау технологиялары қару мен есірткіге дейінгі заттарды жедел анықтауға бағыттайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью