Жамбыл облысында мектеп оқушысын көпшіліктің көзінше алып қашпақ болған

18.02.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желілер мен ата-аналар чатында белгісіз ер адамның қыз баланы көлікке күштеп отырғызбақ болған сәті түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Жамбыл облысында болған. Видео кадрларынан кәмелетке толмаған қызды көлікке итеріп жатқан сәтте, қасынан өтіп бара жатқан куәгердің араша түсіп, бұзақылықты тоқтатқанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаментінің нақтылауынша, 13 жастағы мектеп оқушысын екі ер адам алып қашуға әрекеттенген. Оқиға кезінде жасөспірім автобус аялдамасында тұрған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілерді «ізін суытпай» қолға түсірді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью