Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 20 мыңға жуық оқушы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Қазгидромет облыста жылдамдығы секундына 30 метрге дейін қатты жел болатынын ескерткен.
Осыған байланысты бүгін Тараз қаласы мен Талас ауданында оқу процесі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
"Атап айтқанда, бірінші ауысымда Тараз қаласында 79 мектепте 14 631 оқушы және Талас ауданында 12 мектепте 4218 оқушы онлайн режимде білім алуда. Өзге 9 ауданда ауа-райы қалыпты, сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп жатыр", - делінген білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетері, Тараз қаласының екінші ауысымда білім алатын оқушылар да онлайн форматта білім алады.