Жамбыл облысында полицейлер боранда қалған жүкті жүргізушіге көмек көрсетті

12.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қолайсыз ауа райына байланысты тәртіп сақшылары облыс аумағындағы жол жағдайын тәулік бойы бақылап, жүргізушілерге көмек көрсетіп, көлік қозғалысын реттеуде.

Жуалы ауданы аумағындағы Күйік асуында полиция қызметкерлері қарлы боран салдарынан жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі Оксана Шевчукке жәрдем берді. Көпбалалы ана жүктіліктің сегізінші айында екені белгілі болды. Полицейлер оған ыстық шай ұсынып, тамақтандырып, кейін жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

«Біз осы жолда екі күн бойы тұрдық. Полиция қызметкерлері көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап, тәртіпті қадағалап отыр», – деді жүргізуші Асқар Мұсылманов.

Қазіргі уақытта полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып, заң талаптарының сақталуын қадағалауда.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жол жабылғаны хабарланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью