Жамбыл облысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

06.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы — Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатқан. 

Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды. Тәртіп сақшыларының қырағылығы мен жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыр қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталып, әділдік салтанат құрды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью