Жамбыл облысында қатты жел үйдің шатырын ұшырып әкетті

06.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Жамбыл облысы Жаңатас қаласында жел екпіні күшейіп, тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

6 ақпанда болған боранның жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен. Салдарынан бірқатар нысанға зақым келді:

1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйдің,

3-шағын аудандағы №6 тұрғын үйдің,

4-шағын аудандағы №15 және №15 "а" тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан.

"Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнді", - дейді әкімдікте.

Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында, дейді облыстық әкімдікте.

Павлодар облысында қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлады

23 Маусым 2025, 10:53

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью