Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шетелге қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығу әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде елімізден 350 мың долларды заңсыз алып шықпақ болған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған. Тексеру барысында жалпы сомасы 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған қаражат табылған.

"Жамбыл облысындағы "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде шетел азаматының жүгін тексеру кезінде 350 мың АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданды.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес ел аумағынан 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын қолма-қол ақшаны декларациясыз алып шығуға тыйым салынғанын еске салды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью