Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жаңа туған нәресте Қордай ауданы Гвардейск әскерилер қалашығында қоқыс жәшігінен табылған.
Нәресте - қыз бала. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
"Баланың анасын анықтауға және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіледі", - дейдіоблыстық полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеде. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төнір тұрған жоқ.