Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысында пойыз вагондарының рельстен шығып кеткені туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде тарады.
Оқиға 20 желтоқсанда Түрксіб станциясында вагондарды түсіру бойынша маневрлік жұмыстары кезінде болғаны белгілі болды. Кейінірек үш вагонның екеуінде қорғаныс министрлігінің мүлкі тасымалданғаны анықталды.
"Вагондар тылдық мақсатқа арналған жабдықтарды тасымалдаған. Вагондарда әскери техника, қару-жарақ немесе оқ-дәрі болған жоқ", - деді қорғаныс министрлігі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Министрлікте оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
"Қазақстан темір жолы" темір жолы бұл оқиға пойыз кестесіне әсер етпегенін хабарлады.