Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 15 көлікті шығарды

12.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ТЖМ мәліметінше, Талас ауданындағы «Тараз – Қаратау» автожолында жолдың жүру бөлігінде тұрып қалған 10 жеңіл автокөлік құтқарушылардың күшімен қауіпсіз учаскелерге сүйретіліп шығарылды.

Сонымен қатар Жуалы ауданында «Тараз – Шымкент» автожолының Шақпақ ата ауылы маңында қар құрсауында қалған тағы екі жеңіл автокөлік жолдың жүру бөлігіне шығарылды.

Бұдан бөлек, осы аудандағы басқа учаскеде қарға батып қалған 3 автокөлік сүйрету арқанының көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді.

Жалпы құтқарушылар 9 азаматқа көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеріп, жолда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының бірнеше ауданында жауын-шашын мөлшері қауіпті деңгейден асты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью