Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі наурыз айында бақылау-өткізу бекеттерінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті.
Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Ал Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.
© Photo : КНБ КазахстанаШекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
Шекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
© Photo : КНБ Казахстана
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында "синтетикалық есірткілерді" дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды.
© Photo : КНБ КазахстанаШекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
Шекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
© Photo : КНБ Казахстана
"Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың ("тұз қышқылы", "ацетон", "фениппентан") және 1000 кг "Бромкетон-4" затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді", - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.
© Photo : КНБ КазахстанаШекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
Шекарада жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше тонна кен мен шетелдіктер анықталды
© Photo : КНБ Казахстана
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.