Жамбыл облысында спорттық жиынға барған 22 жасөспірім ауруханаға түсті

22.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жамбыл облысында «Тұран» демалыс аймағынан 22 жасөспірім Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жатқызылды. Балаларға алдын ала себебі анықталмаған гастроэнтерит диагнозы қойылды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Фото: medpomosh.ru

Аталған жағдайға байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Белгілі болғандай, балалардың жасы 12-17 жас аралығында. Олардың барлығы күрестен оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Қызылорда облысынан келген.

«Ауруханаға жатқызылғандарға қойылған алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит (асқазан мен жіңішке ішектің шырышты қабығының қабынуы). Аурудың себебін анықтау үшін науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынды. Зерттеу нәтижелерін күтіп отырмыз», деп хабарлады әкімдік.

Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті

Қазіргі уақытта облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барды.

Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Лагерьдегі қалған балалар медициналық тексеруден өтті, олардан ауру белгілері анықталған жоқ. Жалпы демалыс аймағында 103 жас спортшы және 13 жаттықтырушы болған.

Айта кетейік, 2025 жылы қазан айында Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қасақана банкроттық жариялаған компаниялар көбейді: 44 қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Бүгін, 14:03

Өрт кезінде қаза тапқан бес жасар қыздың анасы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 13:31

Ақтөбеде инклюзивті спорт кешені ашылды

Аймақтар • Бүгін, 13:03

Ақтауда электр энергиясы уақытша өшіріледі

Аймақтар • Бүгін, 12:44

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью