Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлады "Kazakh Invest" АҚ баспасөз қызметі.
⠀Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр.
"ForYou Energy" ЖШС-ның бас директоры Өнербек Сейітхамзаның айтуынша, жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешен салынады.
"Кәсіпорында Корея Республикасының озық технологиялары енгізіліп, тәулігіне 900 тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдық өңделеді және 20 МВт-қа дейін электр энергиясы өндіріледі", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыс кезеңінде 400 адам еңбек етеді. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.