Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады.. АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik.
Жамбыл облысында ер адам мал жаюға шығып, үш күн бойы оралмаған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.Туыстары 112 нөміріне бүгін хабарласқан."17 қаңтарда таңертең ер адамның атпен мал жаюға шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.
Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды", - дейді министрлік.Іздестіру шаралары жету қиын далалық аумақта ұшқышсыз ұшу аппараттары мен кинологиялық есептопты қолдана отырып жүргізілді."Ер адам шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықта табылды.
Ол осы күндердің барлығын далада малмен бірге өткізген", - дейді құтқарушылар.Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.