Жамбыл облысында зейнеткер жертөледен мұражай ашты

24.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

65 жастағы Әлимаш Теміржанова төрт ұрпаққа тиесілі 500-ге жуық жәдігер жиған. Көрме залында сандық, ер тұрман, келі мен келсап сынды ертеде пайдаланған заттар бар. 

Үлгілі ауылындағы Әлимаш Теміржанованың жер асты мұражайы қазір көпке үлгі. Мұнда зейнеткердің соңғы 15 жылда жиған жәдігерлері қойылған. Бастапқыда көне заттарды сандыққа жиған, кейін ауладағы сарайда сақтапты. Соңғы жылдары үй жертөлесінің үш бөлмесін әрлеп-сәндеп, сөрелерін қойған. Қазір мұражайда жүз жыл сақталған бесік бар. Өткен ғасырда пайдаланған арба дөңгелектері мен ер тұрман, көне шам мен 19 ғасырға тиесілі портфель де тұр. 

Әлимаш Теміржанова, үлгілі ауылының тұрғыны:

- Енемнің тірліктері бар осы үйде, бұрынғы атамның тірліктері бар деген сияқты. Солардың барлығын мен тастағым келмеді. Ескіліктер – 1909 жылғы заттар. Одан кейінгі сол өзім келгендегі жинаған заттарым 1978 жылдан. Скл Осындай ескілікті заттар болса, өткізем деген апа әжелер болса соны жинақтап мұражайға қойып тәлім-тәрбие балаларға көрсету өнеге өсиет. 

Мерей Бает, тілші:

- Жертөледегі көне заттардың бірі – мына келі мен келсап. Өткен ғасырдың 20-жылдары қолданған. Ал мына қол диірмені де сол ғасырға тән бұйым. Бір ғасыр бұрын бұл тұрмыстық заттар ауыл тұрмысының ажырамас бөлігіне айналса, қазір сол заманнан сыр шертіп тұр.

Әлимаш әжей он қылынан саусағынан өнер тамған қолөнерші. Құрақ құрап, киіздің сан түрін әлі күнге дейін көне әдісті сақтай отырып шимен басады. Тарихпен тілдесіп, ұлттық өнерді үйрену үшін ауыл мен аудан мектептерінен оқушылар жиі келеді. Басқа қаладан арнайы іздеп келіп жатқан меймандар да бар.

Гауһар Бауыржанқызы, үлгілі ауылдық клубының меңгерушісі:

- Құрақ құраудың қыр сырлары мен текемет басудың қыр сырларын қыздарға үйретуде. Сонымен қатар көненің көздері жәдігерлерді қазіргі жастар білмейді бұның көбісін. Соны қандай қызмет атқарғанын көне жәдігерлердің солардың бәрін дәріптеп көрсетіп үйретіп отырады әрдайым.

Аяулым Бекмағамбетова, үлгілі орта мектебінің 9-сынып оқушысы:

- Біздің ауылда осындай мұражай ашылғанына қуанамын. Апамыз қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды дәріптер жүр екен. Біз омы жаққа келіп үйреніп жүрміз. Алдағы уақытта жазғы демалыста біз осы жерге келіп үйренсек пе деген ойымыз бар. 

Зейнеткер жертөледегі мұражайын кеңейту үшін, ауыл арасындағы көне жәдігерлерді де жимақ. «Мақсатым – ұлттық құндылықтары ұлықтау», - дейді. Айта кетерлігі, Әлимаш әжей былтыр халықаралық шарада  қолөнер шеберімен бірігіп 200 шаршы метрлік киіз басқан. Ол бұйым Қазақстанның деп жазған дұрыс болар? «Гиннесс» рекордтар кітабына енді. 

Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байділдә

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью