Жамбыл облысында жас спортшылардың улануына қолдың сүті себеп болған

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Pixabay.com

Еске салайық, 21 қаңтар күні кешке «Тұран» демалыс аймағынан Қызылорда облысынан келген жас балуандар Меркі аудандық ауруханасына жеткізілді. Жасы 12 мен 17 аралығындағы жасөспірімдер Меркіде оқу-жаттығу жиынында болған. Алғашында оларға «анықталмаған этиологиялы гастроэнтерит» диагнозы қойылған.

Оқиғадан кейін мамандар науқастардан зертханалық сынамалар алып, спортшыларға берілген азық-түліктерді тексерді.

Kazinform.kz мәліметінше, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша зардап шеккендерге стафилококкты энтерит диагнозы қойылды.

Сушиден улану оқиғасы: Алматыдағы дәмханалар тексеріле ме?

Staphylococcus aureus бактерия үй сүті мен айран жеткізушіден анықталған. Жалпы індеттен 21 адам зардап шекті, оның ішінде 14 жасқа толмаған 13 бала бар.

Нысанда жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында көптеген заңбұзушылық анықталды.

Павлодарда банкеттен кейін жаппай улану тіркелді

Жедел ден қою шараларын орындамағаны үшін жеке кәсіпкерге 302 750 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, Меркі аудандық соты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы талаптарын бұзғаны үшін 484 400 теңге көлемінде тағы бір айыппұл тағайындады.

Осылайша, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 787 150 теңгені құрады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью