Жамбыл облысында жедел жәрдем көліктері қарға батып қалып жатыр

13.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақ ұлпа қар жол қозғалысын қиындатып, кейбір елді мекендерде көлік қатынасын шектегеніне қарамастан, медицина қызметкерлері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді.

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы шақырту бойынша науқасқа көмек көрсетіп қайтар жолда қалың қарға батып қалған. Арнайы техниканың көмегінсіз қозғалу мүмкін болмаған. Жедел жағдай туралы хабар аудандық әкімдікке жеткізіліп, қысқа мерзім ішінде арнайы техника жұмылдырылды. Әкімдіктің тракторы қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін шығарып, бригаданың қауіпсіз түрде қызметін жалғастыруына мүмкіндік жасады.

— Қазіргі таңда өңірде қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Ал жедел жәрдем қызметі қандай жағдай болмасын тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау жолында тәулік бойы жұмысын жалғастырады, — делінген хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Денсаулық сақтау министрлігі (@healthcare.gov.kz)

Осыған дейін Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 15 көлікті шығарғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью