24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жамбыл облысында жекеменшік дәріхана иелері 15 түрлі дәріні негізсіз қымбаттатып жіберген.
Мұны облыстық қоғамдық кеңес мүшелері анықтады. Олар Тараз бен 8 аудандағы дәріханаларға бақылау жүргізіп, жасырын сатып алушы ретінде барған. Нәтижесінде кәсіпкерлердің денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағаны ескермегені белгілі болды. Тіпті кейбір препаратқа 35 процент үстеме қосылған. Екі есе қымбат бағаға сатқандар да бар. Әсіресе шалғай ауылдарда бақылау жоқ. Айта кетейік, тұрғындар Dari.kz мобильді қосымшасы арқылы дәрі бағасына қатысты арыз-шағымын қалдыра алады. Бағаны негізсіз өсіргендеге 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Есенбек Ошақбаев, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:
- Дәрі деген халық үшін өте қажетті нәрсе ғой. Кімге болса да қалтасына ауыр салмақ салады. Сондықтан мына дәрінің бағасын шекті бағадан асырып аты жөнсіз өз бетінше қосып жатқан дәріханаларға уәкілетті органдар жауапты шара қолдануы тиіс. Скл Халықтың қалтасын қамын ойлап қай уақытта болсын біз осы жұмысты жалғастырамыз. Әр дәріханаға кіріп, дәріні бақылау жұмыстарын жүргізіп отырамыз.