Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Оқиға былтыр қазан айында болған. Сол кезде жол-көлік оқиғасы салдарынан Талас ауданының жас тұрғыны кінәлі деп танылған екен. Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған көлік құралын басқару құқығынан тоғыз ай мерзімге айыру туралы шешім шығарған.
Алайда сот үкіміне қарамастан, арада бірнеше ай өткен соң ер адам өзінің Toyota Camry автокөлігіне қайта отырған. Бұл құқықбұзушылық байқалмай қалуы да мүмкін еді. Бірақ осы жылдың ақпан айында Талас ауданы Ақкөл ауылындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде оны өткен жылғы жол апатының екінші қатысушысы байқап қалған.
Жас жігіттің жүргізуші куәлігінен айырылғанын білетін куәгер бұл туралы полицияға хабарлаған.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері ақпаратты жедел тексерді. Бұған жанармай құю бекетіндегі бейнебақылау камераларының жазбалары дәлел болды. Камералар көлікті басқару фактісін нақты тіркеген.
Іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша Талас аудандық сотында қаралды. Сот отырысы барысында 22 жастағы жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Бұл жағдай сот тарапынан жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Аталған бап санкциясы бойынша 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау немесе айыппұл қарастырылған. Сот ақшалай жаза тағайындау туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде көлікті заңсыз басқарғаны үшін ер адам 216,5 мың теңге (50 АЕК) көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарды әкімшілік рақымшылыққа енгізу идеясына қарсы пікір білдірген еді.
Сондай-ақ Қазақстанда жүргізушілер үшін агрессияға тексеру енгізу ұсынылып отыр.
Ал Семейде жүргізуші куәлігіне қатысты алаяқтық фактісі анықталды.
Қызылордалық көлік жүргізуші 40 рет жол ережесін бұзған.