Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жамбыл облысында 19 жастағы қыздың сүйегі тергеу мақсатында қайта қазып алынды. Жақындарының айтуынша, ол күйеуімен жанжалдасқаннан кейін көз жұмған. Туыстары қыз өзіне қол жұмсағанына сенбейді және қайта сараптама жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы сараптама нәтижесімен келіспейді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, марқұмның туыстарының өтінішхаты негізінде эксгумация жасалған.
Тергеу жалғасып жатыр"Таразда жүргізілген алғашқы сараптама қорытындысымен келіспейміз әрі оның дұрыстығына күмәніміз бар. Сондықтан енді Алматыда қайта сараптама жүргізіледі", – деді ол.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 19 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.
Тәтті үшін әйелін ұрған ба?"Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, биыл тамызда әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Меркі ауылында әйел қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Марқұмның артында сегіз айлық баласы қалған. Жазба авторлары дәлел ретінде қыздың құрбысымен арадағы хаттарының скриншоттарын жариялаған еді.
Жарияланған хаттарға қарағанда, қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын қыз құрбысына күйеуімен жанжалдасқанын айтқан. Оның сөзінше, күйеуі кішкентай баласына сатып алған тәттіге бола жанжал шығып, ер адам оны ұрып-соққан.
Соңғы хаттарында қыз күйеуімен ажырасқысы келетінін айтып, құрбысынан қарызға ақша сұраған.
Алайда сол кезде оқиғаның мән-жайы, соның ішінде отбасындағы жанжалдың әйел өліміне қатысы бар-жоғы ресми түрде расталмаған еді. Полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу бастаған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары барлық тараптың уәжін тексеріп, қолда бар мәліметті зерттеп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтынын хабарлаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу